Облыс бойынша қылмыс саны салыстырғанда 11% -ға төмендеген.
Облыстағы қылмыстық ахуал қандай күйде?Полиция бұл жылы қылмыс көрсеткіші 11 пайызға төмендедідеп отыр.
Жалпы 10 айдың көлемінде 5 135 қылмыс тіркелген. Дегенмен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында бұзақылық деректерінің өсуі байқалады. Биыл 99 мүлік ұрлау және 107 жасөспірімдерге жасалған қылмыс тіркелген. Оның ішінде 58-і колледж студенттері, 24-і мектеп оқушылары, 1- ЖОО студенті.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс негізінен жеке мүлікті ұрлау деректері бойынша орын алып жатыр. Тәртіп сақшылары баланы мектепте де, үйде де үлкендердің қарауында болуы тиіс. Баланың ортасы қандай, қандай адамдармен араласатынын да сұрап тұрған артық етпейді. Жасөспірім бала адамға сенгіш, әрі кез-келген адамға сенсе, еріп кетуі де мүмкін.
Жолда жасалатын қылмыс түрлері осы жылы азайды. Дегенмен адам өлімі былтырғыға қарағанда 16%-ға өскен.
Жол қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан көптеген жол көлік оқиғалары орын алады. Жалпы 438 жол көлік оқиғасы тіркелген. Оның 539-ы түрлі дене жарақаттарын алғандар. Өкінішке орай, 87 адам жол көлік оқиғасынан қайтыс болған.
Количество показов: 416
Дата создания: 30.11.2023 01:49:50