Оқушы қызды белгісіз біреулер ұрлап кетті
№19 орта мектептің оқушысы із - түзсіз жоғалып кетті. Оқиға бейсенбі күні болған. Айдың-күннің аманында баладан көз жазып қалған ата-ана, ұстаздар бір дүрлікті. Әдеттегіше таңғы сағат сегізге он бес минут қалғанда 8 - сыныпта оқитын қыздың мектепте жоқ екендігі анықталыпты. Сынып жетекшісі дереу оның ата - анасына хабарласқан. Оқушының сабаққа кеткені белгілі болады. Мұғалімдер бір қауіптің мектепке келер жолда болғандығынан күдіктеніп, полицияға хабар берген. №19 орта мектеп директоры Роза Аманбаеваның айтуынша, бұл білім мекемесінде бұрын - соңды болмаған жайт. Зауыт полиция бөлімінің қызметкерлері, мектепке бекітілген жасөспірімдер ісімен айналысатын инспектор іздестіру әрекетіне кіріскен. Ұстаздар жасөспірімнің ұялы телефонына елу рет хабарласыпты. Еш жауап болмаған. Кейін белгілі болғандай қыз баланы белгісіз үшеу күштеп көлікке отырғызып алып кетіпті. Көлік қала сыртына жүйтки жөнелген. Жолай оған дәрі иіскетіп, ұйықтатып та тастаған. Жасөспірім қызды белгісіз үш күдіктінің қандай мақсатпен ұрлағандығы белгісіз. Оны басқа қызбен шатастырған болуы мүмкін. Дәрігерлер қыздың денсаулығына еш зиян келмеген деген қортынды шығарды. Қыз ұрлау дерегінен соң мектеп басшысы Роза Аманбаева оқушыларға ұялы телефон қажет деген шешімге келді. 14 жастағы қыздың ұрлануынан кейін қаладағы барлық мектептердің басшылары ата-аналар жиналысын өткізіп, сақ болуды ескерткен. Ал қыз ұрлаған үшеу әлі бостандықта жүр. |
Количество показов: 2449
Дата создания: 04.02.2013 21:28:21