Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымына бүгін әндер, сценарий, өзге де қызметтік және авторлық өнімдерге меншік құқын алу, оны қорғау жолдары түсіндірілді. Облыстық халық шығармашылығы орталығында ылғи шығармашыл, өнер адамдары қызмет етеді. Кітап, әннің сөзін, музыка жазады. Күй, би шығарады. Түрлі мерекелік кештерге сценарийлер жазады. Бірақ осы отырған адамдардың бұл өнімдердің жеке зияткерлік меншік екенін бірі білсе, бірі білмес. Авторлық құқық бар, ол құқықтың заңмен қорғалатынын түсіндірмекке бүгін ұжыммен облыстық әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Тимур Үбішев жиын өткізді. Алдымен авторлық құқықты тіркеудің жолы жеңілдетілді. Сондай-ақ, зияткерлік меншік бір сатыда тіркеледі. Бұл да жаңашылдық. Жиналғандар арасында ән авторлары да бар екен. Өнімдерін тегін тарап кетпей тұрғанда тіркетіп алуға қызығушылық білдірді. Осы орайда Тимур Үбішев әр әнді жеке-жеке тіркетіп шығынданбас үшін, ән жинағын бір тіркетуге кеңес берді. Өйткені әр өнімді әділет министрлігінде тіркету 7215 теңге тұрады. Біреулері сценарийлерін тіркеткісі келеді.
Бұл айтылған меншік құқын алу, оны қорғау жолдарының барлығы автор және сабақтас құқықтар, тауарлық таңба, азаматтық кодекс, патенттік заңдарда көрсетілген. Соңғы уақытта әсіресе жастар арасында зияткерлік меншік құқын алуға өтініштер көп түсетін болған. Жастар қазір компьютерлік бағдарламалар, смартфон қосымшаларын ойлап табуда өте белсенді. Сондай-ақ, мұрагерлік меншік құқын тіркеткісі келетіндері көп. Кейбір ақтөбеліктер ата-бабасынан қалған зияткерлік мұраны заңдастыруға талпынып жүр.
Количество показов: 1895
Дата создания: 11.01.2018 19:09:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>