Некрасов көшесі жабылды
Ақтөбеде салынып жатқан көпір құрылысына байланысты бүгіннен бастап Некрасов көшесінің Жангелдин көшесіне дейінгі аралығы уақытша жабылды. Қазір аталған көшемен 9 қоғамдық көлік қатынайды. Енді бұл бағыттардың барлығы қаңтар айының 27-не дейін Асау-Барақ көшесі арқылы өтетін болады. Дегенмен бұл өзгерістер автовокзал ауданынан қаланың ескі бөлігіне бағыт алған қоғамдық көліктердің қозғалысына еш кедергі келтірмейді. Орын алған жағдайға байланысты бүгін Алтынсарин көшесінде де көлік нөпірі артқан. Себебі Некрасов көшесінің жабылуына байланысты бірқатар жеңіл көліктер осы көшемен өтіп жатыр. |
Количество показов: 2301
Дата создания: 17.01.2013 19:03:12