Некрасов көшесі ашылды
Некрасов көшесіндегі көлік қозғалысына қаңтардың 27- не дейін тыйым салынады деп жария етілген болатын. Алайда көпір үстіне жабынды төсеу жұмыстарын құрылысшылар мерзімінен бұрын аяқтаған. Жоспардың орындалуы осы бағытынан таймаса, қаланың ескі бөлігі мен мөлтек аудан аралығын жалғастыратын жаңа көпір құрылысы ерте бітуі де ғажап емес. Ал жол жабу еріккеннен емес, халық қауіпсіздігі үшін керек дейді құрылыс компаниясының өкілі Владислав Горемыкин. Құрылыс талабын орындауға рұқсат берген шаһар шенеуніктерінің шешімінен кейін күзде екі ықшам аудан тұрғындары ауыз сусыз қалған болатын. Мердігер компания өкілдері жерасты бұрғылау жұмыстарының барысында су құбырына зақым келтіріп алғандықтарын мойындады. Ал үш аптадан соң Ломоносов көшесінде уақытша жол жабылады. Жүргізушілер мен жолаушылардың бұл іске түсіністікпен қарағаны жөн. Жер астын 20 метр тереңдікке дейін қазып, бағаналарды бетондау ісін қолға аламыз дейді жұмысшылар. |
Количество показов: 2401
Дата создания: 21.01.2013 19:17:05