Өңірімізге Даму және инвестициялар министрі Жеңіс Қасымбек келді. Бүгін ол облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге "Металлургтер" мәдениет үйінде тау-кен компаниялары ұжымдарымен кездесті. Жиылғандарға елбасы жолдауын түсіндірді. Елдің даму және инвестициялар министрлігіне қарасты салалар көп. Соның ішінде елбасы биыл халыққа арнаған жолдауында қазақстандықтарды баспанамен қамту және экспортқа бағытталған индустриализацияға басымдық берген. Ақтөбе республикада тұрғын үй құрылысы жөнінен көшбасшы өңір. Былтыр "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша облысқа 17 миллиард теңге бөлініп, 400 тұрғын үй салына бастады. Бүгінде үй кезегінде тұрған 200 адам үй-жаймен қамтылды. 2300 пәтерлі несиелік тұрғын үй салынды. Аймақта жыл басынан бері 4 мың тұрғын үй тұрғызылды. Жыл аяғына дейін тағы 3 мың үй пайдалануға беріледі. Бүгін "Металлургтер" мәдениет үйінде кеншілермен жүздескен министр «7-20-25» бағдарламасы жөнінде де айтты. Осы бағдарлама арқасында алдағы 5 жылда 103 мың тұрғын баспаналы болады. Біздің облыста 131 өтініш қанағаттандырылған. "Баспана" ұйымы облыс әкімдігімен бірлесе жас отбасы және бюджеттік сала қызметкерлері үшін бастапқы жарна көлемін төмендетпек. Мәселен "Жас арман" бағдарламасы жас отбасыларға арналған. Ал "Қамқар баспана" бюджеттік сала қызметкерлері үшін. Индустриаландыру бойынша облыста бүгінге дейін 709 жарым миллиард теңгеге 76 жоба жүзеге асқан. 8,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды. Осы жылы 29,5 миллиард теңгеге 4 жоба іске қосылады. 508 жұмыс орны ашылады. Индустриалды бағдарлама өңдеу кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Аймақта 20 кәсіпорын өнімін экспорттап отыр. Негізінен тау-кен өнімдері. Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, химия, құрылыс және көлік құрылысы саласы өнімдері де сыртқа шығарылды. "Қазхром" АҚ былтыр алыс-жақын шетелге 2 миллиард АҚШ долларының өнімін жөнелткен. Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжанға 9 миллион доллардың өнімін берді. "Ақтөберентген" 267 мың АҚШ долларының өнімін экспорттаған. Өңделген экспорт көлемі бойынша Ақтөбе тек Қарағандыға ғана жол беріп, көшбасшы өңірлер қатарына еніп отыр. Алдағы 3 жылда елде экспортқа бағытталған бизнеске 500 миллиард теңге қаржы қарастырылады.
Количество показов: 983
Дата создания: 22.10.2018 19:08:46
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>