Мереке қарсаңында 16 жасөспірім алғашқы құжат алды.
Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тосынсыйға тап болғанның бірі-Нұрсана Төлеуова. 16 жастағы қыз бала болашақта фельдшер болуды армандайды. Нұрсана Тәуелсіздік күні қарсаңында төл құжат алғанына мәз. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақтөбеде 16-ға толған 70 жасөспірімге жеке куәліктер табысталды. Еліміздің жас тұрғындары алғашқы құжаттарын салтанатты шарада алғандарына мәз-мейрам.Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жастан бастап беріледі және ол ел аумағында жарамды болып есептеледі. Құжатқа бейғамдық танытуға болмайды. Егер куәлік алуға 16 жастан кейін қамдансаңыз, дайындауға тиісті құжаттардың тізімі артады.Количество показов: 305
Дата создания: 15.12.2023 22:49:32