Мемлекеттік қызметкерлер бонусқа жұмыс істейді
Қосымша жалақыға төленетін қаржы республикалық бюджеттен бөлінбейді. Қажет қаражат мемлекеттік органдардағы кеңсе, қағаз, телефон нүктелерінің шығындарын қысқарту арқылы жиналады. Құрылымдары қайта қарастырылады. Ол үшін әкімдікте арнайы топ құрылған. Қосымша қызметтер де біріктірілуі мүмкін. Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әлемде 14 жыл бұрын енгізілген. АҚШ, Малайзия, Сингапур мен Жаңа Зеландияның мемлекеттік секторларында қолданылады. Екі бөліктен тұратын жүйе Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Әділет министрлігі мен Маңғыстау облысы, Астана қаласы әкімдіктерінде қолданылып жүр. Жыл соңына дейін Алматы мен Шымкентте пайдалана бастайды. Өңірімізде келесі жылы қолданысқа енуі мүмкін.
Количество показов: 1105
Дата создания: 25.09.2018 18:54:51