Мектеп автобустары талапқа сай ма?
Оқушыларды немесе кішкентай бүлдіршіндерді олимпиадаға, спорттық жарыстарға арнайы мектеп автобустарымен тасымалдау керек. Балабақша немесе мектеп басшылығы қалалық білім бөліміне өтініш жазады. Ресми ведомоство жол ішкі істер саласына арыз жазады. Бұл бұрыннан бар қағида. Әйтсе де, балалардың қатысуымен болатын жол апаттары өңірімізде жиілеген. Оқушыларды түрлі жарыстарға таксимен немесе туысқандарының көлігімен тасымалдаған. Салдарынан балалар апатқа ұшыраған. Балаларды тасымалдайтын көлік құралдары талапқа сай болуы керек. Полицейлер бүгін 80 мектеп автобусын сыннан өткізді. Нәтижесінде 18 олқылық анықталып отыр. Атап айтсақ, кей автобустарда қауіпсіздікке арналған құрылғылар жоқ. Өрт сөндіретін балоны мен әйнек тазалағышы болмай шықты. Әйнектері сынғандары да бар. Көлік жүргізушілеріне ұйғарым берілді. 1 аптадан кейін бұл автобустар қайтадан сыннан өтеді.Талап бойынша, автобус арнайы жарық түсіргіш пен дыбыс сигналдары болуы керек. Өрт немесе өзге де төтенше жағдайға арналған құрылғылар тізімі бар. Полицейлер орындықтарды да тексеріп шықты. Жыл басынан бері облысымыз бойынша балалардың қатысуымен 106 жол- көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 10 бала қаза тауып, 122 бала әртүрлі дене жарақатын алған. Балалардың көлікте ажал құшуының басты себебі-үлкендердің жауапсыздығы мен жүргізушілердің немқұрайлығы,-дейді полицейлер.Количество показов: 319
Дата создания: 17.08.2024 08:33:48