"Мега Ақтөбе" сауда орталығынан жарылғыш зат ізделді
Бүгін қаладағы барлық шұғыл қызметтер аяқтарынан тік тұрды. Полицейлер мен құтқарушылар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметі кешкілік Ақтөбедегі адам көп жиналатын ең ірі сауда орталығының маңына жиналды. Әп-сәтте кешеннің қызметкерлері, сатушылар мен тұтынушылары сыртқа шығарылды. Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, түстен кейін төрттен бес минут өткенде "102" телефонына белгісіз біреу "Мега Ақтөбе" сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар берген. Қазір кешенді полицейлер толықтай қоршауға алған. Оқиға болған жерде саперлер "бомбаны" іздестірді. Алайда жарылғыш зат табылған жоқ. Айта кетерлігі, өткен жылы да "Мегада" жарылғыш зат іздестіріліп, соңында жалған қоңырау екендігі анықталған болатын. Ойыннан от шығарғандар жазаланды. |
Количество показов: 2754
Дата создания: 01.02.2013 19:58:15