Медициналық колледжге Мәншүк Мәметованың есімі берілді
Дәрігерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында бүгінгі кешке медицина саласының ардагерлері қонаққа келді. Әр ардагерді студенттер құрметпен ортаға алып шығып, гүл шоқтарын ұсынды. Болашақ дәрігерлер даярлайтын білім ордасында "Жұлдызды аллея" бар. Биыл екінші рет мұнда үздік ұстаз, үздік түлек пен үздік фармацевттің есімдері жазылады. Биылғы "Үздік түлек" номинациясын "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша тәмамдаған Гүлзат Айбасова жеңіп алды. Колледжді биыл 500 студент тәмамдады. Олар өңіріміздегі орта буын медициналық қызметкерлер қатарын толықтырады.
Количество показов: 1603
Дата создания: 16.06.2017 18:41:55