Магниттік дауылдан сақтаныңыз
Атмосферадағы магниттік дауылдың адам денсаулығына кері әсері бар екені белгілі. Қаңтар айында осындай 7 магниттік дауыл соғады делінген. Қаңтардың үші мен сегізінде құбылыс болып өтті. Ендігісі 13-ші қаңтарда қайталанады. Қаңтардың 19-ы, 23, 25, 28-дерінде де магниттік дауыл тұрады. Ауадағы бұл құбылысты әсіресе қан қысымы төмен, психикалық, жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққан науқастар ауыр қабылдайды. Дәрігерлер қала тұрғындарына өз денсаулығына абай болуды ескертеді. Магниттік дауыл әр 3-4 ай сайын қайталанып тұратын атмосфералық құбылыс. Ол күн сәулесі белсенділік танытқан мезгілде жердің магниттік қабатының өте жедел, әрі күрделі өзгеріске ұшырауынан орын алады. Ал магниттік дауылдың адам денсаулығына кері әсері бар екені 20 ғасырдың 30-жылдарында-ақ белгілі болды. Бас ауру, жүрек соғысының күрт жиілеуі, ұйқысыздық, қан қысымының төмендеуі, бас айналу, буындардың сырқырауы бірден бір белгісі. Магинттік дауылдан тиісті деңгейде сақтанбау инсульт, инфарктке соқтыруы ғажап емес. Сондай-ақ, денеге физикалық салмақ салмау керек. Ашық аспан астында көп жүріп қалмаған жөн. Майлы тамақтардан бас тарта тұру қажет. Шылым шегіп, ішімдікке әуестенетін адамдар да мұндай күнді ауыр қабылдайды. Біз күнделікті тұрмыста да магниттік толқындармен жиі ұшырасып жүрміз. Компьютер, теледидар, қысқа толқынды пештер, электр құралдардың барлығы магнитті толқын бөледі. Мұндай тұрмыстық техникаларды да белгілі бір тәртіппен, барлық гигиеналық нормаларды сақтай отырып, қолданған жөн дейді дәрігерлер. Әйтпесе күнделікті тұрмыстық магниттік толқындар гормоналды, онкологиялық аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады. |
Количество показов: 3695
Дата создания: 10.01.2013 13:01:48