Мағаджан ауылының тұрғындарына да қызыл су қыруар шығын алып келді
Нұрлан Мәмбетов Атырау қаласынан көшіп келіп, осыдан екі жыл бұрын ғана мына екі қабатты үйді сатып алады. Бес балалы отағасының қолында қарт әкесі бар. Төрт қабырғасы ғана бар үйді сатып алып , жөндеу жұмыстарына 20 миллионнан астам қаражат жұмсаған. Енді бұл үйді қайта жөндеу керек, дейді Нұрлан Мәмбетов. Үйдің ішіне кіріп кеткен судың тереңдігі 10 см ге дейін жетіпті. Жиһаздар тұтас бүлінді, тұрмыстық техника да істен шыққан. Заречный елді мекенінің маңындағы Мағаджан ауылы тұрғындарының бәрінің де басында бар жағдай осы. Біраз үйлердің қабырғалары сетінеп, іргетасы жарылып кеткен. Бұл үйлер көпке бармай құлауы да мүмкін,- деп отыр мұндағылар. Кешеден бері материалдық шығынды есепке алу үшін арнайы комиссия жұмысын бастаған болатын. Мағаджан ауылының тұрғындары да комиссия тізімінде. Естеріңізге сала кетсек, 28-ші наурыз күні бұл ауылды қар суы басып қалған болатын. Әп сәтте бас аяғы жүзге тарта үй суға кетті.Количество показов: 316
Дата создания: 02.04.2024 08:57:05