Мұз айдынындағы шеберлік сабағы.
Хоккейден Қазақстан құрама командасының ойындарын балалар бұған дейін тек ғана теледидардан көргендерін айтады. Бүгін олардың үлгі тұтатын спортшылары мұз айдынына өздерімен бірге шықты. Құрама команда спортшылары жас хоккейшілерге шеберлік сабағын өткізді. Ойын алдында спортшының бабы болмаса, ол ойын ұтысқа алып бармайды. Содықтан ойыншының бәсеке алдындағы көңіл күйі де аса маңызды дейді құрама команда хоккейшілері. Балалар үшін олардың пайдалы кеңестері қажет , сондықтан мұндай кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрса дейді ата-аналар. Бұл шараны ұйымдастырған Хоккейден ұлттық құрама командасына демеушілік жасап келген ERG компаниясы . Шеберлік сабақтарынан кейін спортшылар Ақтөбедегі Ферро қорытпа зауытын аралады. Олар өндіріс ошағындағы балқыту цехтарының жұмысын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Металлургтар алып өндіріс орнының тарихы туралы спортшыларға мағлұмат берді. Еліміздің батыс өңіріндегі ірі зауыттардың бірі хром қортытпа зауыты биыл 80 жылдығын атап өтті. Зауыттың өндіріс күші 700 мың тоннаға жеткен.Количество показов: 390
Дата создания: 11.12.2023 20:50:40