МӘМС бойынша жаңа жылдан кейін біріңғай жиынтық төлем болмайды.
2024 жылдан бастап ең төменгі айлық жалақы 85 мың теңге болады. Осыған байланысты төлем сомалары өзгереді. Жалпы МӘМС жарналары мен аударымдары өзгеріссіз қалады. Енді жаңа жылдан бастап, жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3 пайыз мөлшерінде аударым жасайды. Әрбір жұмысшының жалақысы көтерілетіндіктен, аударым да да автоматты түрде көбейіп отыр. МӘМС қорына түсетін қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. Бірақ еш жерде жұмыс істемейтін, дербес төлеушілер үшін қалтаға салмақ түсетіні белгілі. Енді олар ай сайын мемлекеттік медициналық сақтандыру қорына айына 4250 теңге төлейтін болды. Ең төменгі айлық жалақы 85 мың теңге болады, оның 5 пайызы осындай мөлшерді құрайды.Пайыздық мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіш болатын жаңа ең төменгі жалақының бекітілуіне байланысты түпкілікті сома түзетіліп жатыр, дейді қор өкілдері. Жарналарды төлеу кезінде барлық жұмыс орындарынан жиынтықты максималды кіріс есепке алынады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ақша аудармағандар үшін енді арнайы шара қолданылуы да мүмкін. Өйткені бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде бұл сақтандыру қорында сақтандырылмаған азаматтаррдың көлік жүргізуіне тыйым салынатындығын айтқан болатын.Количество показов: 342
Дата создания: 21.12.2023 00:10:15