Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған студия ашылды
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейнелеу студиясы ашылды. Бұл-"Степ Идея" шығармашылық орталығының жобасы. Тың жобаға қомақты қаржыны Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің қоры бөліп отыр. Мұндай студия Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған. Тың идеяның авторы-жас суретші Радина Бәтпенова мен дизайнер Гауһар Әлиманова. Екеуі де Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. ҚР тұңғыш президенті атындағы қор грантының иегерлері. Бейнелеу студиясын ашып, мүгедек балалармен жұмыс істеу жас мамандардың арманы болатын. Студия өз жұмысын мамыр айында бастайды. Аптасына 3 рет денсаулығының ақауы бар балаларды тегін үйретеді. Облыста 2 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың диагноздары да әртүрлі. Даун синдромы, туғанынан жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар немесе өздігінен есту, көру қабілеті бұзылған балалар. Оларды тәрбиелеу үшін төзім керек,-дейді мамандар. Ал олардың болашағына алаңдайтын аналардың жай-күйін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейнелеу студиясының ашылғанына дән риза.
>Бейнелеу студиясы Әбілқайыр хан даңғылындағы облыстық өнер музейі ғимаратында орналасқан. Музей екі бөлмесін ұсынып отыр. Балалардың шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік бар. Қажетті құрал-саймандармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі балалар мұнда сурет салып, дәстүрлі емес материалдардан бұйымдар жасайды. Жоба авторлары үшін тар бөлме кедергі емес. Олар күніне 25 мүмкіндігі шектеулі баланы шығармашылыққа баулуға дайын.
Количество показов: 1819
Дата создания: 21.04.2017 19:16:24
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>