Мәдениет саласы қызметкерлері марапатталды.
Бүгін облыс әкімі мәдениет саласының өкілдерімен кездесті. Мәдениет, кітапхана және өнер саласында жұмыс жасап істеп жүрген мамандардың ұсыныстарын тыңдап, жыл қорытындысы ретінде, өнер майталмандарын марапаттады. Мемлекет басшысы Ақтөбеге жаңа театр салу керектігін тілге тиек еткен болатын. Ұсыныс жергілікті билік тарапынан қолдау таппақ. Өңір басшысы мәдениет саласына қатысты әр пікірді тыңдап, қараусыз қалмайтындығын жеткізді. Аймақтың алдағы үш жылға арналған бюджеті бекітілді. Мәдениет саласына қолдау қырауар.Казір мәдениет тақырыбындағы жаңалықтар алдыңғы қатарда тұрады. Себебі мәдениет-ол тіл мен салт-дәстүр. Халықты оятып, біріктіретін де мәдениет. Сондықтан мәдениет саласы біз үшін қашан маңызды, деді облыс әкімі. Бүгінгі шараға ауыл-аймақтан келген өнер иелері де қатысты.
Ешпанов Боранбай - Ойыл ауданындағы Мәдениет үйінің жанындағы " Шапағат" отбасылық ансаблінің жетекшісі. Ұжымда -зайыбы, ұлы мен қызы да бар. Өнер жолында жүргеніне 20 жыл болыпты.Алдағы уақытта ансамбль мүшелерінің қатарын толығады деген үмітте. Өйткені, Боранбай Ешпанов немерелерінің де өнерлі болғанын қалайды.
Жиын барысында облыс әкімі мәдениет саласының өкілдерін "Ерен еңбегі үшін" медалімен және ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен марапаттады. Мәдениет саласының мамандары өз тарапынан облыс әкіміне өтініші мен ұсыныстарын айтты.
Количество показов: 302
Дата создания: 14.12.2023 23:13:10