Ломоносов көшесі 10 күнге жабық
Жаңа көпірдің Ломоносов көшесі арқылы өтетін бөлігінің құрылысы басталып кетті. Осыған орай бұл көшенің құрылыс жүріп жатқан тұсы 10 күнге уақытша жабық. Жұмыс бұдан ерте аяқталуы да мүмкін. Қаланың орталығы мен ескі бөлігін жалғауы тиіс жаңа көпірдің ұзындығы 467 метр. 14 бөліктен тұрады. 4 бөлігін төсеп бітіп, құрылысшылар қазір соның бесінші бөлігінің жұмысын жүргізіп жатыр. Ал бесінші бөлік Ломоносов көшесі үстінен өтеді. Осыған орай бұл көшенің құрылыс жүріп жатқан тұсы 10 күнге уақытша жабық. Теміржол вокзалы аялдамасына соғатын қоғамдық көліктер Некрасов арқылы Жангелдин көшесі бойымен қатынап жатыр. Көне қалаға бет алған өзге жүргізушілердің де уақытша қосалқы көшелерді таңдағаны абзал. Көлік кептелісі қалыптаспас үшін аталған ауданда жол полициясы қызметкерлері кезекшілік етуде. Жұмысқа асыққан таңғы мезгіл және жұмыстан кешке тараған қарбалас сәтте қиындықтар орын алуы мүмкін. Бұған қала тұрғындарының шыдамдылықпен қарауы сұралады. Құрылыс басындағылардың сендіруінше көпір құрылысына орай соңғы рет көлік қозғалысына шектеу қойылып тұр. Әлі көпірдің 9 бөлігі тұрғызылуы тиіс. Бірақ олардың бірде бірі көлік жолы үстінен өтпейді екен. Көпірдің келесі бөлігі 11-ықшамауданға қарай тартылады. |
Количество показов: 2273
Дата создания: 11.02.2013 19:43:35