Әлеуметтік патруль рейдке шықты
Мобильді әлеуметтік патруль бүгін таңда Жангелдин көшесіндегі №31-ші мектептің ескі ғимаратына жетті. Осы маң тұрғындарының бірі полицияға қараусыз қалған нысан ішінде түнімен от жағылып, түтін шыққанын хабарлаған. Әлеуметтік патруль әлеуметтік жұмыстар бойынша маман, фельдшер, жергілікті полиция қызметкерінен құралған. Олар ғимарат ішіне кіріп, онда ықтап отырған кезбелерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көшеде құжатсыз ұсталған адамдардың барлығы алдымен ішкі істер басқармасының қабылдап-тарату бөліміне жеткізіледі. Осында облыстық ІІД-нің тізімі бойынша тексеріледі. Кім екені анықталады. Суретке түсіріліп, саусақ іздері бойынша сараптамадан өтеді. Тіркеуге қойылады. Құжаты жоқтары кім екені анықталмайынша осы бөлімде қалады. Ал үй-күйі жоқ қаңғыбастар тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына жөнелтіледі.
Количество показов: 1494
Дата создания: 10.01.2017 18:33:34