Кез-келген жерге қоқыс тастама: айыппұл 100 АЕК
Қоғамда күл-қоқыс немесе тұтынған тұрмыстық заттардың қалдықтарын кез-келген жерге бейберекет лақтырып тастайтын азаматтар бар. Олар саналы түрде қоршаған ортаны ластап жатыр. Өйткені атмосфераның бұзылуы ауаның тек химиялық-физикалық тұрғыда ластануынан тұрмайтыны белгілі. Айналаны таза ұстамау, тазалық тәртібін, мәдениетін сақтамаудың салдарынан да туындайтыны анық. Мұның соңы тіпті айықпас ауру-сырқауға шалдықтыратын экологиялық апатқа алып келуі де мүмкін. Сол үшінзаңға өзгертулер енгізілді. Енді рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін әр жеке тұлға 100 АЕК айыппұл төлейтін болады.Қала тұрғындары да бұл заңнамаға қарсы емес. Керісінше, экология мәселесі үшін осындай заңның ұсынылғанын қолдайды. Әр жеке тұлға өз қоқысын жинап, белгіленген жерге тастаса, шаһарымыз сөзсіз таза болатынына сенімді.Жаңа жылдан басьап, 1 АЕК - 3692 теңгені құратын болады. Ал қоршаған ортаны ластағаны үшін әр адам 100 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. Бұл 369 мың 200 теңгеге.
Количество показов: 975
Дата создания: 21.12.2023 00:07:48