Келесі айда ақтөбеліктерді коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталуы мүмкін
Ақтөбе облысы "жасыл" аумақта. Алайда көрші облыстарда жағдай тұрақсыз. Сондықтан бізге де қандай жағдайға болмасын ұдайы дайындықта отыру қажет. Соңғы 5 күнде инфекция жұқтырудың 31 жағдайы тіркелген. Оның 4 -еуі кеше анықталған. Инфекция жұқтырғандар Алға , Мартөк ауданынан және қала аумағының тұрғындары. Ал пневмониямен тіркелгендер саны екеу. Былтырғы наурыздан бері өңір бойынша 3784 науқас анықталса, оның 3655 -і айығып шыққан.Жалпы өңірде карантин шараларының сақталуын мобильді топтар бақылауда. Мониторинг жүргізіліп тұрады. Бүгінге дейін талап бұзғандардан мемлекетке 176 миллион теңге өндірілген.
Количество показов: 714
Дата создания: 15.01.2021 18:57:31