Келесі аптада Ломоносов көшесіндегі қозғалыс шектеледі
Ақтөбеде салынып жатқан жаңа көпір құрылысына байланысты алдағы аптада Ломоносов көшесінің біршама бөлігі 10 күнге уақытша жабылатын болады. Бұл өзгерістер қоғамдық көлік қозғалысына да үлкен қиындық туғызуы мүмкін. Себебі аталмыш көшемен қаладағы барлық қоғамдық көліктің 95 пайызға жуығы өтеді. 11-ақпаннан бастап қаланың ескі бөлігіне бағыт алған көліктер Некрасов көшесіне түсіп одан әрі Жангелдин көшесінің бойымен қозғалысын жалғастыратын болады. Бұл күндері аталған ауданда жол полициясының қызметкерлері кезекшілік етеді. Ақтөбенің орталығы мен ескі бөлігін жалғайтын көпір құрылысы өткен жылы басталған болатын. Көпірдің ұзындығы 467 метр. Құны 4 млрд. теңгені құрайтын жоба осы жылы іске қосылмақ. Нысан әзірге 50 пайызға дайын. |
Количество показов: 2160
Дата создания: 08.02.2013 19:00:26