Көп балалы аналар тегін бизнес-тренингке қатысты.
Қалада көп балалы аналарға арнап мотивациялық бизнес - тренингтер өтіп тұрады. Бүгін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында "Ойлауды жобалау" авторлық курсы аясында көп балалы аналарға арналған "Эмоцияларды басқарудың және сапалы ойлаудың тиімді құралдары " атты кезекті тренинг өтті. 20 - ға жуық көпбалалы ана автордың шеберлік сағатына қатысып, тегін кеңестер алды."Атамекен" кәсіпкерлер палатасында өткен кезекті тренингтің тізгінін кәсіпкер, бизнес - жаттықтырушы Ержан Нұрғалиев ұстады. Бизнес - жаттықтырушы тренингке қатысқан көпбалалы аналарға өзінің жеке "Ойлауды жобалау" атты авторлық курсын ұсынып, шеберлігімен бөлісіп, ақыл - кеңестер берді. Әйелдерге үй мен кәсіпті үйлестірудің қыр - сырларын айтып, тың деректермен бөлісті.Жеміскүл Тілеулина Қазақстан профориентологтар ассоциациясының мүшесі. Білімін жеке кәсіп ашуға жұмсағысы келетін маман иесі оқушылардың болашақта мамандық таңдауына көмектесіп, грантты қалай алуға болатыны туралы жол көрсетеді. Ендігі мақсаты жеке өз алдына орталық ашып, оқушыларға білім тұрғысынан көмектескісі келеді.Бүгінгі көпбалалы аналарға арналған тренингке 20 - дан астам әйел қатысты. Нәзік жандылар бизнес - тренингтен өздеріне қажет ақпараттармен қатар мотивация да ала білді.
Количество показов: 378
Дата создания: 29.11.2023 02:21:41