Көлік апатынан 30 жастағы ақтөбелік көз жұмды
Өткен жұмада курсанттар тас жолында үлкен жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам көз жұмды. Оқиға кешкі сағат 6-лар шамасында болды. 30 жастағы "Лада" автокөлігінің жүргізушісі басты жолға шығып кетіп, Ясное ауылынан келе жатқан "Камаз" жүк көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан "Камаз" бағытын өзгертіп, келе жатқан "Ниссан Примера" көлігіне соққан. Нәтижесінде "Лада" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал "Ниссан Примера" көлігінің 3 жолаушысы әртүрлі жарақатпен облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір болған жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. |
Количество показов: 2185
Дата создания: 11.02.2013 19:46:56