Иті үшін көршісін ұрып өлтірген азамат 7 жылға сотталды
Ақтөбеде көршілерді араздастырған ит ісіне соңғы нүкте қойылды. Бүгін №2 сотта Нұрбек Иманәлиевтің ісіне байланысты үкім шықты. Ол итін асып жеді деген күдікпен көршісін кірпішпен ұрып өлтірген. Иманәлиев жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс өткен жылдың қыркүйек айында "МЧС-1" бау-бақша ұжымында болған. Өзіне "адам өлтіруші" деп айып тағылған Нұрбек Иманәлиев сол уақытта итін іздеп көршісіне барады. Ол ішімдікке тойып алған күйі жерде ұйықтап жатқан. Ас үйдегі қазанда ет қайнап жатқанын көрген Иманалиев үй иесінен "иттің етін асып жатырсың ба?" деп сұраған. Көршісі "жоқ" деген кері жауап қатады. Сотталушы оған сенбей жағасына жармасып, төбелесіп қалады. Жанжалды естіп келген көршілері қырқысқан оларды айырып алған. Сотталушы сол сәтте кетіп қалғанымен, кейін қайтып келіп "итімді жеді" деп көршісін кірпішпен бірнеше рет ұрған. Алған жарақаттан соңғысы көз жұмған. Нұрбек Иманәлиевке адамның денсаулығына зиян келтірді, қасақана өлтірді деген айып тағылды. Ол жеті жылын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс. |
Количество показов: 2110
Дата создания: 24.01.2013 19:29:39