Газ құбырларын алмастыру жұмыстары жалғасуда.
Қаламыздағы сүт зауыты ауданында Абай көшесінде газ құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ауданда қазу жұмыстары 10 қазаннан бастау алды.Осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Көшені қазып тастағандары тұрғындарды бей- жай қалдырмады. Себебі көшемізден адам да, автокөлік те өту мүмкін емес болып қалды дейді тұрғындар.Қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан тиісті орындардың айтуынша жұмыс біткеннен кейін жолды қалпына келтіру жұмыстары жүретін болады. Қазылған жерді құбыр салынған бойда, қайта көміп кетіп жатырмыз. Қазба жұмыстары біткеннен кейін осы жылы және келесі жылдың көктемінде жолды жасау жұмыстары жалғасады. Себебі қыста жол сапасыз болып жасалады. Сондықтан көктемде қайта келіп, көше жолын қалыпқа келтіреміз дейді жауапты маман.Қалалық сүт зауыты ауданында газ құбырларын ауыстыру жалғасады. Бұл газ қысымын күшейту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар. Себебі соңғы жылдары әр аудандарда газ қысымының төмендеуі байқалады. Газ құбырлары ескіргендіктен, оларды жаңарту қолға алынды. Тиісті орындар халықтың шағымын ескереміз, талаптарын тыңдауға дайынбыз деп сендірді.Количество показов: 388
Дата создания: 28.11.2023 08:59:21