«Эврика» газетіне 20 жыл!
Сенбі күні Ретро саябақта Эврика газетінің 20 жылдығына арналған думан өтті. «Жақсы адамдарға арналған басылымның» қызметкерлері қала тұрғындары арасында түрлі байқаулар ұйымдастырды. Дәл концерт кезінде аяқ асты басталған нөсер Ретро саябаққа келген жұртшылықты әбден әбігерге салды. Дегенмен думан тоқтаған жоқ. Әуелеген ән мен көңілді би, қызықты байқаулар кеш соңына дейін жалғасты. Фестивальге дайындық барысында ұйымдастырушылар аптап ыстықтан қауіптенген. Бірақ, ауа райы мүлдем керісінше болып шықты. Жақсы адамдардың газеті - «Эврика» 20 жылда 1036 нөмір басып шығарған. Қызықты тақырыптар ойлап тауып, айдарларын арттырып келе жатқан басылымда шамамен 15 адам тұрақты қызмет етеді. Шара кезінде басылымның редакциясы сүйікті оқырмандарына алғыс айтты. Ұсынған тақырыптары, көмек сұрап жазған арыздары, әрине адалдықтары үшін сыйлықтар табыстады. Мерекенің көркін саябақ ішіндегі шығармашылық ұжымдар әзірлеген көрме де аша түсті. Үрмелі аспаптар ансамблі патриоттық әндер орындады. «Эврика» ұжымын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, газеттің алғашқы редакторы Георгий Лория құттықтады.
Количество показов: 3075
Дата создания: 19.05.2014 19:13:19