Эвакуациялық бекеттегі жағдай
№8 мектепте 25ші құтқару пункті орналасқан. Мұнда су тасқыны кезінде 147 адам қабылданды. Қазір 71 тұрғын мектепті паналап отыр. 20 сы мектеп жасындағы бала. Мектеп бұл балаларға барынша қолдау көрсетуде. Оқулықтар мен кеңсе тауарларын тараттық, білім алуға жағдай жасаймыз,-дейді педагогтер. Су басып қалған аумақтан үйін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болғандардың бірі Құралай Жақсылықова. Ақтөбе рентген маңындағы саяжайлардың бірінде тұрған. Екі баланың анасы тірнектеп жинаған ақшасына 2018 жылы үй тұрғызғанын айтады. Қазір баспанасының көретін жері жоқ. Қызыл су ғимараттың түгелдей басқан. Үй иесінің дүние-мүлкімен қоса құжаттары да суға кеткен. Екі баланың анасы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Балаларының болашағы үшін алаңдаулы. Айдың күні аманда баспанасыз, құжатсыз қалған Құралай жергілікті биліктен көмек сұрайды. Құралай Жақсылықова қиын-қыстау кезде қиналған жұртқа қолдау көрсеткендерге алғысын жеткізді. Бар жиған-тергенінен бүр түнде айырылған ананың жалғыз үміті-үкіметте.Количество показов: 388
Дата создания: 02.04.2024 09:06:29