Есет батыр тұрғын алабында қоғамдық көлік қат.
Қала тұрғындары қоғамдық көлік саны артқанына дән риза. Әйтседе, 24 - ші, 2 - ші, 10 - шы автобустарды жаңартып, көбейтсе, дейді. Себебі, мұндағы автобустардың басым бөлігі Есет батыр шағын ауданы мен Жаңақоныс аудандарына қатынайды. Есет батыр тұрғын алабына қатынайтын №2 - ші автобустардың санитарлық жағдайы сын көтермейді. Таңертең де, кешке де аузы-мұрны лық толы автобуспен қатынаймыз,-дейді жұрт. Оған қоса іші лас. Қыстың келуіне де аз уақыт қалды.Қазірдің өзінде күн салқын. Ал жел мен жаңбырдан қорғайтын жылы аялдамалар қалада некен - саяқ. Тұрғындар аязды күндері автобустарды далада күтуге мәжбүр. Қалаға көбірек жылы аялдамалар орнатылса екен дейді. Ақтөбеде қоғамдық көлік мәселесі қашан да өзекті. Жүру кестесі жолаушыларға қолайсыз. Аузы-мұрнынан шығарып адам таситын автобустарда санитарлық талаптар да сақталмайды.Бірі жұмысқа, енді бірі үйіне асыққан қарбалас сәттерде орталықтағы аялдамаларда автобустар ұзын-сонар кезекке тұрады. Бар мақсаты-жолаушыны көбірек мінгізу. Көбірек табыс табу. Осылайша қоғамдық көліктердің аралық уақыты сақталмайды,-деп шағымданады тұрғындар. Әсіресе, шалғайда тұратындар үшін қиын.
Количество показов: 513
Дата создания: 09.11.2023 23:49:21