Ержүрек оқушы.
Ортамызда адам өміріне араша түсетін адамдар бар екені қуантады. Оның ішінде жастар болса, тіптен тамаша. Болашағымыз жастардың қолында деп жатамыз, Мейірбек соның жарқын дәлелі. Ол қиналып жатқан жанға алғашқы көмек көрсетіп, ерлік жасады. Дер кезінде көрсетілген медициналық әрекеттің арқасында қыз бала аман қалғанОқиға қазан айында орын алып отыр. Әйтсе де, Мейірбектің ерлігі ел аузында. Жасөспірім оқитын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп -гимназиясы мақтан тұтуда. 11-сынып оқушысы эпилепсиядан құлаған қызға жедел -жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсеткен. Нұржанов Мейірбек- 11"Б" класс оқушысы. Ата-анасының тұңғышы. Артанына ерген інісі бар. Мейірбек болашақта ұшқыш болуды армандайды. Қиналған, көмекке мұқтаж адамға қол ұшін созу азаматтық парызым, дейді жасөспірім. Ол денсаулығы күрт нашарлап, талып қалған қыз балаға бірден әрекет етіп, көмек көрсетуге ұмтылған. Мейірбектің бұл ерлігіне мұғалімі таң қалмаған. Оқушысының батыл, қайырымды екенін айтады. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт сабақты да жақсы оқиды. Түрлі спорт сайыстарына қатысып, белсенділік танытып жүр. Оны тек өте тәрбиелі, сабырлы әрі салмақты бала деп білеміз, дейді ұстазы.Количество показов: 365
Дата создания: 19.12.2023 23:09:01