Ерекше балаларға арналған шара.
Бүгін "Ustudy" аймақтық тестілеу орталығы ерекше балаларға арнап мерекелік шара ұйымдастырды. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлап, жаңа жылдық сыйлықтар таратты. Артынша демеуші атынан мерекелік дастархан жайды.Айта кетейік, "Ustudy" аймақтық тестілеу орталығы даун синдромы мен дамуында тежеуі бар балаларды тегін оқытады. Бұдан бөлек ерекше балалардың ата - аналарымен де бірлесіп жұмыс жасайды. Орталықта балалар инклюзивті білім алып қана қоймай, психигологиялық тұрғыда да жетіледі.Количество показов: 328
Дата создания: 28.12.2023 22:54:41