"Дипломмен ауылға" бағдарламасында жаңашылдық
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында "Ауылдың өткені, бүгіні, ертеңі" тақырыбында кездесу өтті. Шараға Астанадан "Қазақстан ауыл жастарының одағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанар Досымова арнайы шақырылыпты. Ақтөбелік жастарға "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасының биылғы ерекшеліктері мәлім болды. "Қазақстан ауыл жастары" ҚБ төрайымы Жанар Досымованың айтуынша, жастарға білім беру, жұмысқа орналастыру, әсіресе ауыл жастарын ақпараттандыру мәселесі өткір тұр. Сондықтан Ақтөбеде осыдан екі апта бұрын құрылған "Ауыл жастары Одағы" корпоративтік қоры өкілдеріне үлкен міндеттер жүктелді. Алдымен аудандарды аралап, мемлекеттік жобаларды кеңінен насихаттау. Былтыр Ақтөбеде "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы аясында 398 жас маман ауыл сұранысын қамтыған. Биыл аталған бағдарламаның артықшылығы да бар. Бұл мүмкіндікті енді білім және денсаулық сақтау саласы бойынша оқуды тәмамдағандар ғана пайдаланбайды. Ауқымы біршама артты. "Қазақстан ауыл жастары" қоғамдық бірлестігі 2003 жылы құрылыпты. Ұйымның алға қойған мақсаты ауыл жастарының бастамасын қолдау, тың идея иелерін іріктеп, алға тарту және солар арқылы ауыл проблемасын билікке жеткізу. Жуырда Ақтөбе "Ауыл жастары Одағы" корпоративтік қоры мүшелері Темір, Мұғалжар аудандарының жастарымен осы сынды кездесу ұйымдастырмақ. |
Количество показов: 2873
Дата создания: 25.02.2013 19:56:08