Демалыс күндері жел күшейіп, боран соғады
Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы демалыс күндері облыстың кей жерлерінде желдің екпіні секундына 22-27 метрге дейін күшейіп, қалың қар жауады, бұрқасын болып, жолдарды қар басып қалуы мүмкін. Осыған орай жол полициясы басқармасы жүргізушілерге қаладан ұзап шықпауды қатаң ескертеді. Шыққан күннің өзінде жылдамдықты асырмай, аса сақ болған жөн. Сонымен қатар балаларды алыс жолға алып шықпаған абзал. Жүргізушілер эвакуатор нөмірін жазып, ұялы телефондарын қуаттандырып алғаны дұрыс деп хабарлайды жол полициясы басқармасынан. |
Количество показов: 2416
Дата создания: 25.01.2013 19:37:29