Дінаралық араздық тудырған ақтөбелік 3 жылға сотталды
Бүгін №2 қалалық сотта дінаралық араздықты тудырды деп айыпталған Бауыржан Жаңбыршин 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталушы өткен жылдың қарашасында діни тақырыптағы түрлі материалдар мен бейнетаспаларды таратқаны үшін кінәлі деп танылып, тергеу абақтысына тоғытылған болатын. Сот метариалдары бойынша Жаңбыршин 2011-жылдың шілде айынан 2012 жылдың сәуіріне дейін діни сабақтар өткізем деген желеумен жалдамалы пәтерлерде сыбайластарын жинап, дінаралық араздықты, өшпенділікті насихаттаған. Енді сотталушы жазасын алдағы 3 жылда жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болады. Бауыржан Жаңбыршин осыған дейін де ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы бойынша 2 жылға шартты түрде сотталған. |
Количество показов: 2146
Дата создания: 18.02.2013 19:25:30