Чернобыль апатына - 32 жыл
1986 жылдың 26-сәуірінде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4-энергоблогында апат болды. Нәтижесінде радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластаған. 5 миллион халық зардап шекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымың мәліметінше, апаттан төрт мыңдай адам қаза тапқан. Апаттың орнын залалсыздандыру жұмыстарына 2 мыңнан астам ақтөбелік те қатысты. Бүгін де олардың 250-ге жуығы ғана аман. 149-ы облыс орталығында тұрады. Чернобыль апатын залалзысдандыруға алғаш болып аттанғандардың бірі - Ерболат Айталиев. 33 жасында Украинаға аттанған жігіттің жасы қазір 70-ке таяды. Сол кезде қасында 60-қа жуық ақтөбелік болған. Апат болған жерде 2 ай жұмыс істеп, екі аптадан кейін ғана елге оралған. Әлемдегі ең ірі атомдық жарылыстардың бірі саналатын Чернобыль апатының зардабын әлі тартып келеді. 3-топтағы мүгедек. Ақсақал бұрын болған әлеуметтік жеңілдіктердің қайта жасалғанын тілейді.
Количество показов: 1657
Дата создания: 26.04.2018 18:55:12