Бюджет қаржысының жұмсалуы бақылауға алынды
Қоғамның әр саласына бөлініп жатқан миллиардтар қайда кетіп жатыр? Тамырын тереңге жайған жемқорлықпен енді "нұр отандықтар" күреспек. Бүгін партияның жергілікті филиалында бюджет қаражатын пайдаланудың жаңа механизмін жария еткен меморандумға қол қойылды. Құжат талабын орындайтын екінші тарап "Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі. Енді бюджет қаражатының нақты мақсатына жұмсалуын "Нұр отан" ХДП жергілікті филиалы қызметкерлері мен облыстық тексеру комиссиясының мүшелері бірігіп бақылайды. Бұл алтын көрсе жолдан таятын жемқорларға қарсы күрестің жаңа түрі. Сонымен алқалы жиында бюджет қаражатының пайдаланылуына қоғамдық бақылау саласында өзара әрекет етудің механизмін дамыту және жетілдіру мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ендігі міндет - әр салада еселі еңбек еткен зиялы қауымның, қоғам қайраткерлерінің пікірін тыңдау. Нақты жоспар құрып, оны жүзеге асыру. Зиялы қауым "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты елбасының халыққа жолдауын талқылады. "Нұр отан" ХДП жергілікті филиалы 300 адамнан тұратын ақпараттық-үгіт тобын құрды. Енді олар аудандарды аралап, жолдауда айтылған әр саланы дамытуға қатысты мәселелерді қарапайым тұрғындарға жеткізеді. |
Количество показов: 2320
Дата создания: 25.01.2013 19:36:57