Былтыр Самара-Шымкент авто жолында 90 ға жуық жол апаты болды.
Полицейлердің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін саналы түрде сақтамауынан. Автокөлік тізгіндеген азаматтардың дені жылдамдық режимін асыруға келгенде алдына жан салмайды, маневр жасау ережелерін бұзады. Сондай-ақ жол белгілеріне назар аудармайды, жаяу жүргіншілер өткелдерінен құйғытып өте шығады. Өңірімізде "Құқықтық тәртіп" алдын-алу іс-шарасы басталды. Полицейлер аудандарға апаратын жол учаскелерін бақылауға алып, көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Самара-Шымкент тас жолы басты назарда. Өйткені, жол апатының дені осы жол торабында орын алуда. Тасжолдардағы жол апаттарының барлығы адами фактордан болатыны анық. Оқиғаларды зерделей келе анықталып жатқан себептер де бір-біріне өте ұқсас. Жылдамдықты шамадан тыс асыру, рөлде отырып, ұялы телефон қолдану, маневр талаптарын бұзу, балаларды арнайы құрылғысыз тасымалдау. Жол-көлік оқиғасының тағы бір себебі, үнемі жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілердің рөлде ұйықтап кетуі. Осы орайда, тәртіп сақшылары жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе қыста.Количество показов: 292
Дата создания: 08.01.2024 22:20:24