Былтыр Ақтөбеде 4 әйел күйеуінің қолынан қаза тапты.
Былтыр өңірде нәзік жандыларға қатысты 19 қылмыс тіркелген. Әйелін өлімші етіп сабау, денсаулығына қасақана зиян келтіру деректерімен қоса, күйеуінің қолынан төрт әйел қаза тапқан. Барлығының да балалары бар. 2022 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан үш әйел көз жұмды. Үй тирандарының дені ішімдікке әуес, жұмысы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен болып келеді. Қоғамда еш дәрежесі жоқ еркек, бар күші мен агрессиясын әйелі мен балаларына жұмсауға тырысады. Мұндайларға тосқауыл бар. Тек үнсіз шыдап отырудың қажеті жоқ, дейді инспекторлар. Былтыр 1-шілдеден бастап елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейді. Зомбылық сипатын полицей анықтайды. Зорлық көрген адамның өтініші маңызды емес. Жағдай орын алса, іс автоматты түрде тіркеледі. Ол үшін куәгерлердің айғақтары мен видео жазба жеткілікті. Іс сотқа жолданады. Ал тараптарды бұрынғыдай қайта татуластыру мүмкіндігі жоқ.Количество показов: 284
Дата создания: 11.01.2024 22:59:58