"Болашақ" тұрғындары мектеп пен балабақшаға зәру
"Болашақ" ықшам ауданының ақсақалдары немерелерінің болашағына алаңдаулы. Балабақша мен мектеп мәселесін қарт тұрғындар қала әкімінің есеп беру жиыны болған сайын көтеріп келеді. Нәтиже шықпаған соң, халық бүгін тағы бір мәрте жиналып, мұқтаждарын жария етті. Қақаған қыста бүлдіршіндер мен оқушыларды мектеп пен балабақшаға жеткізу қиын дейді шағымданушылар. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчуктің мәліметінше, қаламыздың өркендеп дамуына байланысты әлі де 18 мектеп, кем дегенде 83 балабақша салынуы керек. Тек "Болашақ" ықшам ауданының өзінде қазіргі таңда 600- дей мектеп оқушысы, 700 балабақша жасындағы бүлдіршін бар. Мониторинг нәтижесін сарапқа салған қала билігінің өз жоспары бар. Жоспарға сай жергілікті билік өкілдері "Болашақ" ықшам ауданынан жер алған жеке құрылыс компанияларымен келісімге отырмақ. Келер жылдың аяғы мен 2014- жылдың басында 280 балаға арналған білім ордасы бой көтереді "Болашақта". Ғимарат жанынан мектепке дейінгі даярлық орталығын ашу да көзделіпті. |
Количество показов: 2433
Дата создания: 28.12.2012 18:54:55