Болашақ дәрігерлер жұмысқа жолдама алды
Түлектерге Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен өрт сөндіру қызметтерінен де сұраныс бар. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті негізінен елдің батысындағы өңірлерге мамандар даярлайды. Ерболат Ізтілеуовтің айтуынша, Маңғыстау мен Атырау облыстарында ақ халаттыларға сұраныс жоғары. Әсіресе, акушер-гинеколог, педиатрлар мен дәрігер-анестезиологтарға сұраныс жыл санап артып келеді. Сондай-ақ, ақтөбелік түлектер Қызылорда облысына да жиі шақыртылады. Биыл да ол жақтан 200 маманға сұраныс түскен. Биыл медициналық университет қабырғасынан 800-ге жуық интерн, бакалавр мен магистрант түлеп ұшады. Олардың 150-і "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша аудандар мен ауылдарға аттанады. Бүгін жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен тіс дәрігерлері қызметке жолдама алды. Ал, ертең қалған 15 бағыт бойынша резиденттердің жұмыс орындары белгілі болады.
Количество показов: 1770
Дата создания: 04.05.2017 19:34:23