Биыл қабаған иттермен күреске 16 миллион теңге бөлінді
Жыл басталғалы қалалық ауылшаруашылық бөліміне ит қапқан 30-ға жуық ақтөбеліктен арыз түскен. Қаңтар айында 300-дей қаңғыбас иттің көзі құртылған. Талапқа сай көшеде қарғы баусыз, иесінің қарауынсыз бос жүрген иттің бәрі жабайы болып есептеледі. Ал ит, мысығына ие бола алмайтын қала тұрғындарына 3-5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл белгіленген. Төрт аяқты, азулы бұл мақұлық иесіз болса, аяқ астымызда кедергі, айналаға қауіп. Осы жыл басынан қалалық ауылшаруашылық бөліміне ит қапқан 30 ақтөбелік арыз түсірген. Бұралқы иттер әсіресе жеке тұрғын үй секторы, елді мекендерде шоғырланады. Көбейіп, өсіп-өнбес үшін қаңғыбас, қабаған иттермен күрес жыл бойы үзбестен жүргізіледі. Жергілікті бюджеттен осы мақсатқа қыруар қаражат бөлініп тұрады. Мәселен, биыл тендер арқылы анықталатын ит аулаушылар 16 миллион теңгені жаратуы тиіс.Осы жылы көзі құртылуы тиіс иттің саны әзірге белгісіз. Ал қаңтар айында 300-дей қаңғыбас иттің көзі жойылған. Біздің облыста бұралқы иттермен күресте бұрынғы әдіс қолданылып келеді. Тиімді, әрі арзан. |
Количество показов: 2514
Дата создания: 29.01.2013 20:06:01