Биыл Ақтөбеде бірнеше бағыт бойынша автобустар жаңартылды.
Әйтсе де, үйіне жету үшін жарты сағаттап автобус күтіп тұратын ақтөбеліктер бар. Автобустардың жоқтығынан қала тұрғындары амалсыздан таксиды пайдаланады. Бірақ таксиге кез келген адамның жағдайы жете бермейді. Осы тұрғыда қала тұрғындарының ойын білу үшін сауалнама жүргізген болатынбыз.Ақтөбеде қоғамдық көліктер 91 бағыт бойынша қатынайды. жартысына жуығының тозығы жеткен, көне автобустар. Биыл тоғыз маршрутқа жаңа автобустар берілді. Тұрғындар дән риза.
Әйтсе де, шаһарымызда тұрғындар тасымалымен айналысатын ескі көліктер аз емес. Мәселен, 41 разъезд ауданына қатынайтын №14 ші автобустың көретін жері жоқ. Әбден тозығы жеткен. Іші қара суық. Мәселе келер жылдың көктемінде шешілуі тиіс. Ағымдағы жылы тағы 65 автобус жаңартылмақ.
Количество показов: 388
Дата создания: 23.12.2023 01:27:33