Биыл 424 000 тонна астық жиналды
Құрғақшылық һәм жаңбыр. Биыл астық жылдағыдан аз шықты. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп. Диқандапр 419 гектар алқаптан 424 мың тонна астық жинаған. Өңірімізде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Күзгі дала жұмыстары барысы жайлы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары баяндады.56 мың гектар алқаптан 28 мың гектар майлы дақыл өнімдері алынды. Картоп пен көкністің өзге түрлері толықтай жиналды,-дейді мамандар. Мәселен, биыл 109 мың тонна картоп, 86 мың тонна көкөніс жинақталған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40 мың гектарға көп.
Әйтсе де, құрғақшылық биыл шаруа қауымының жұмысын қиындатты. Жағдай мәз емес. Ал жиын-терін кезінде жауған жаңбыр мәселені ушықтырды. Әр гектарынан ораққа ілінген бидай небәрі бес центнерге жетпейді. Биыл егіс алқабы көп болғанымен, өнім аз.Еліміздің өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Қуаңшылық пен жаңбырдан зардап шеккен ақтөбелік шаруаларға да қолдау болады,-дейді ауыл шаруашылығы басқармасындағылар. Ал, астық бағасы нарыққа және сыртқы факторларға тікелей байланысты.
Количество показов: 361
Дата создания: 08.11.2023 00:50:45