Биліктің назарынан тыс қалған көше
Ұмыт қалған көше. Ақтөбеде өмірі жөндеу көрмеген көшелер бар. Солардың бірі Шанхай ауданында орналасқан "Сауран" көшесі. Жолы әбден тозған. Көктемдегі көрініс тіптен бөлек,-дейді тұрғындар.Билік өкілдері халықпен кездесуде 7 жыл қатарынан жолды асфальттап, жарықшам орнатамыз деп кетеді. Әкім ауысқан сайын бұл жай ғана құрғақ уәде болып қалуда. "Сауран" көшесінің тұрғындары бар үміт жаңа шаһар басшысында,-деп отыр. Бұл-Шанхай ауданындағы "Сауран" көшесі. Мұнда ұзақ уақыт ішінде бірнеше буыннан мыңдаған адам аяқ басты. Оның бойымен күн сайын отбасылар жұмысқа барды, кешке үйлеріне келеді. Ұзындығы бір шақырымнан астам. Бұл көше бір ғасырлық тарихында бірде-бір асфальтталмаған. Тұрғындар бұл болмысқа мойынсұнудан шаршады.Көшеге Асхат Шахаров, Мұрат Жөребеков те ат басын тіреген. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер де хабардар. Әйтсе де, көшенің сметасы жоспарға әлі енгізілмеген.
Клара апа Сауран көшесінің байырғы тұрғыны. Мұнда тұрып жатқанына 24 жыл болған. Жол ойық шұңқыр, көше қараңғы. Қыс келсе қар алынбайды, көктем келсе үйіміз суға кетеді,- деп отыр. Талай жыл тайғақ кешіп, тақтайдай тегіс жолды армандаған тұрғындар биліктен мәселені шешіп беруді сұрап отыр.
Сауран көшесінің жағдайын айтып әкімдікке хабарласқанымызда жауап ала алмадық. Жергілікті билік өкілдері үнсіз. Ал қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы жолға жауап бермеймін,-деп қайырды. Жолды жөндеу үшін, жобалық сметалық құжат қажет. Сауран көшесі жоспарға енгізілмеген де
Количество показов: 834
Дата создания: 02.08.2023 03:30:13