Топан су басқан аумақтардан эвакуацияланған 800 отбасы, яғни 1200 адам қаладағы жеті мектепке орналастырылған болатын. Өткен сенбіде олардың мектептерден жаппай шығарылуына осы мектептерде білім алып жатқан оқушы балалардың ата-аналарынан келіп түскен арыз және санитар-эпидемиологтардың шешімі себеп болыпты. Эпидемиологтар халық мектептерді 1 аптадан артық уақытқа пана қыла алмайды деген талап қойған. Мектептер осыдан кейін толық дезинфекцияланған. Қазір оқу процесі қалыпқа келді. Ал қалалық әкімдік жанынан құрылған комиссия мүшелері барар жері жоқ 110 отбасыға пәтер жалдауға ақша бердік деп отыр. 7 мобильдік топ бүгінге дейін 1840 үйді аралаған. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. 77 баспана қирап қалған. Қалғандары жөндеуді қажет етеді. 30 үйге комиссия әлі жете алмай отыр. Су қайтпаған.
>Комиссия бұл қаржыны да қордан алуымыз қажет болатын дейді. Демек қазір тек қорға жиналған қаражат қана жұмсалып жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін, я ертең Астанаға жол жүреді. Үкіметтегілерге мұндағы топан судан зардап шеккен халықтың жайын жеткізеді. Жергілікті билік өңір басшысының елордадан қолы бос қайтпауын тілейді. Шығындар әлі есептеліп болған жоқ. Халықтың тұрмысын тікейтуге қанша қаржы қажет екені беймәлім.
Количество показов: 1702
Дата создания: 24.04.2017 18:59:24
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>