Базарлардағы мал дәрігерлік зертханалар мемлекетке қайтарылуы мүмкін
Базарлардағы мал-дәрігерлік зертханалар жекеге берілмеуі тиіс. Азық-түлік қауіпсіздігі секілді күрделі мәселені жеке зертханаға сеніп тапсыру дұрыс емес деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева. Шенеуніктің айтуынша, өркениетті елдердің барлығында мұндай міндет мемлекеттік органдарға жүктелген. Бұл пікірді ақтөбелік мал дәрігерлері де қоштап отыр. Облыста 37 малдәрігерлік және 22 мал-дәрігерлік-санитарлық зертханалар бар. Алғашқысы ірі қараны түйнеме, құтырма, бруцеллез секілді ауруларға тексерсе, мал-дәрігерлік-санитарлық зертханада базарларға түскен малдың ет және сүт өнімдеріне сараптама жасайды. Қазір қаладағы 17 базарда осындай зертхана бар. Қалған төртеуінде- зерттеу жұмыстары келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Мал дәрігерлік бақылаудың механизмдерін қайта қарауға ұсыну- өзекті мәселе болатын реті бар. Еліміздің мал шаруашылығындағы соңғы дау-дамай- соның айғағы. Мамандар ветеринарлық тексеру кезінде Австриядан әкелінген 722 бас ірі қарадан Шмалленберг вирусын тапты. Және ауру сиыр үшін Австрия кінәлі делінді. Бірақ, олар қателіктерін мойындайтын емес. |
Количество показов: 2592
Дата создания: 19.02.2013 19:05:51