Байғанин ауданында ақпанның 13-інен 14-іне қараған түні атыс болып, Жарқамыс пен Қызылбұлақ ауылдық округіне қарасты Түгіскен және Лақтыбай ауылдарының үш адамы мерт болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталған. Алайда, бір күнде әкесі мен інісінен айырылған Райымбек Әйтекенов істің дұрыс тергеліп жатқанына күмән келтіріп отыр. Әкелі-балалы Болат Бұхарбаев пен Мұрат Қожахметов жекенің малын баққан. Райымбек Әйтекенов тәртіп сақшыларының ісіне наразы. Олар кісі қолынан қаза тапқан екі адамды күдіктілер тізіміне алып, іздеу жариялаған. Іздеу жарияланғаны туралы хабарламаны оған Ақтау қаласындағы туыстары жіберген. Оқиға кезінде жекенің малын баққан тағы бір малшы мерт болды. Райымбектің айтуынша, мал ауылға қаладан шаруашылық иелерінің шақыртуымен бұзылған техникаларды жөндеу үшін ер адам келген. Олардың арасында қандай да бір түсініспеушілік туындаған болуы мүмкін дейді ол. Малшылардың бәріне оқ атылған.
Қылмыстық іс туралы облыстық ІІД-нің қызметкерлері мардымды ештеңе айтпады. Анықталғаны тек 42 жастағы ер адам ұсталып, тергеу жұмыстары басталған. Ал, бүгін оқиғаға қатысты Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов түсінік берді.
Количество показов: 1559
Дата создания: 21.02.2017 19:46:13
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>