«Батыс-2» ауданының тұрғындары жылудан тарығып отыр
«Батыс-2» ауданының халқы қыстың көзі қырауда жаурап отыр. Жаңа пәтерлерінде алғаш рет қыстап жатқан тұрғындар баспаналарын тастап, туған-туыстарының үйлерін жағалауға мәжбүр. Өйткені пәтерлері суық. "Трансэнерго" мекемесі өкілдері болса, бұл техникалық ақаудан болған уақытша келеңсіздіктер дейді. №17Б үйдің 125-ші пәтерінде тұратын Самат Әбдіров температура өлшейтін құралды қолынан тастамай жүр. Әлсін-әлсін үйдегі жылудың мөлшерін өлшейді. Температура көрсеткіші әзірге тоғыз градустан асып тұрған жоқ. Аяқ астынан салқын сезіледі. Бір жетіден бері жылуға жарымай, ашуға булығып отырған "Батыс-2" ауданының тұрғындары бүгін жауапты тұлғаларды жағадан алғандай болды. "Батыс-2" ауданындағы бұл үйлердің жылу жүйелері автономды қазандыққа қосылған. Жылу қуаты "Трансэнерго" мекемесінен алынады. Ал инженерлік желілердің ақаусыз қызмет етуіне "Табыс Ақтөбе" ЖШС жауапты. Қос мекеменің қызметкерлері жағдайды былай түсіндірді. Жаңа үйге қоныстанғандарына жарты жыл да толмаған тұрғындардың мәселесі бұл ғана емес. Халық судың сапасы көңіл көншітпейді дейді. Жұртшылық қоғамдық көліктің қатынау тәртібіне де наразы. Ауданға қатынайтын жалғыз жетінші бағыттағы автобус бұл жерге қайта айналып соқпайды. Қала картасында жақында пайда болған жаңа ауданның жыры бітер емес. |
Количество показов: 2126
Дата создания: 31.01.2013 18:59:58