Банк 15 пәтер үшін арыз қабылдайды
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» биыл берілетін үйлерден соңғы 15 пәтер бөліске түсіп жатыр. Биылдан қалмай, баспаналы боламын дегендер наурыздың біріне дейін банкке келіп, өтініштерін тапсырып үлгерулері тиіс. Тапсырылатын пәтер саны - 607. Былтыр қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жүргізілген бастапқы екі кезеңде 592 адамнан құжат қабылданған. Қалған 15 пәтердің иесі бірінші наурызға дейін анықталуы тиіс. Ал қажетті мөлшерде ақша жинап, пәтер алуға өтініштерін беріп қойған салымшылардың төлем қабілеттіліктері тексеріліп жатыр. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Талаеваның айтуынша, үміткерлердің бәрі бірдей ай сайын несие төлеуге қауқарлы емес. Құжаттары түгел болып, төлем қабілеттіліктерін дәлелдеген ақтөбеліктер "Нұр Ақтөбе" ауданындағы пәтерлеріне шамамен маусым-шілде айларында қоныстанады. Ал үйдің несиесін тұрғындар 6-15 жылдың ішінде қайтаруға тиісті. Жалақыға қарап отырған халық үшін мұндай несие- жалғыз мүмкіндік. "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында 2014 жылы Ақтөбеде 700-дей пәтер тапсырылады. Қазір "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" 22 мыңнан астам салымшының есепшоты бар. Олар жинаған ақшаның жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асады. |
Количество показов: 2849
Дата создания: 26.02.2013 18:37:37