Баласына вакцина ектіруден қашып жүрген отбасылар саны 765-ке жетті
Түрлі жұқпалы инфекцияларға қарсы егілуден бас тартушылар мәселесі өрши түсті. Былтыр екпеге қарсы ақтөбелік отбасылар саны 200-ден асса, қазір 765- ке жетті. Екпеге қарсылық білдергендердің басым көпшілігі түрлі діни ағым талаптарына берік. Ал бірқатары егудің нәтижесінде айықпас дертке ұшыраған жандардың тағдырына ғаламтор арқылы қанық ақтөбеліктер. Иммундау ісіне күмән келтіретіндердің теріс пікірін қалай өзгертсек деп бас қатыруда мамандар. Мәліметке сүйенсек, егілуден бас тарту бойынша 410 дерек облыс орталығында тіркеліпті. Бала денсаулығына салғырт тұрғындардың көпшілігі Темір ауданынан. Одан кейінгі орында Мұғалжар, Хромтау, Шалқар тұр. Айта кету керек, Ойыл мен Ырғызда егілмеген жасөспірім мүлде жоқ. Десек те жақсы көрсеткіш жүздің бірінде ғана. Демек ағарту жұмыстарын әлі де күшейту қажет. Денсаулық сақтау саласы мамандары екпеге сенбейтін ата - аналардың санасын оята алмай әуре. Баспасөз мәслихатында балалар дәрігерлері бірқатар ата - аналардың сауатсыздығын сынға алды. |
Количество показов: 2156
Дата создания: 23.01.2013 19:04:17